Қ.Тоқаев: Қазақстан Қытаймен әріптестікті тереңдетуге басым мән береді

Қ.Тоқаев: Қазақстан Қытаймен әріптестікті тереңдетуге басым мән береді

Қазақстан Қытаймен жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге айрықша мән береді. Бұл туралы Президент аспан асты елінің республикамызда жаңадан тағайындалған елшісі Хань Чуньлинмен кездесу барысында айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Қытаймен өзара ықпалдастықтың барлық бағытына тың серпін беруге дайын екеніне тоқталды. Хань Чуньлинь екі тараптар арасындағы жоғары деңгейдегі белсенді саяси диалогтың арқасында бұрын-соңды болмаған дәрежеге көтерілгенін айтты.  Елші өзара ынтымақтастықтың жоғары динамикасын сақтауға және екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтуға бар күш-жігерін салатынын атап өтті.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?