Президент «Самұрық-Қазына» басқармасының төрағасын қабылдады. Нұрлан
Жақыпов акционерлік қоғам қызметінің қорытындысы туралы баяндады. Соңғы жылдары
табыс 13% құраған. Оның инвестициялық портфелі толығып келеді. Қазір топта
100 млрд доллардан асатын 130 жоба бар. Биыл 7 ірі инвестициялық жобаны аяқтау
жоспарланып отыр. Бұл қатарда «Достық-Мойынты» учаскесінде екінші теміржол
желісі мен Алматы айналма теміржолын салу, Ақтау портында контейнерлік хаб құру
бар. Отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары да қолға алынған. Кәсіпкерлермен
былтыр 1 трлн теңгеге келісімшарттар жасалған. Офтейк-келісімшарттардың саны
2023 жылмен салыстырғанда 10 есе артқан.

