Қазақстан мен Өзбекстан елдері трансшекаралық су көздеріне қатысты өзара ынтымақтастық аясын кеңейтіп келеді. Тараптар Сырдария өзенінің суын автоматтандырылған есептеу жүйесін орнату жөнінде уағдаласты. Салалық ведомство мәліметінше, аталған бассейнде санақ құрылғылары орнатылатын 10 учаске анықталды. Екі елде де ол үшін бес-бестен аумақ бекітілді. Бүгінде қос жақпен жобаның техникалық тапсырмасын әзірлеу жөнінде де келісім жасалған. Қазір тіршілік көзінің нақты есебін қамтамасыз ететін заманауи жүйені іске асыратын шетел компаниясымен келіссөздер жүргізілуде.
Сәуле Темірболатова, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті басқармасының басшысы:
- Бұл жұмысқа халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының GIZ компаниясы тартылды. Өткен жылы Қазақстан тарапының мақұлдауымен олар осы жобаның техникалық тапсырмасын әзірлеп берді. Енді біз өзбекстандық тараптың келісімін күтіп отырмыз.
Авторы: Жеңіс
Ермұқанов

