Қазақстан Президенті Бразилияның Сыртқы істер министрі
Мауро Виейраны қабылдады. Тараптар кездесу барысында энергетика, ауыл
шаруашылығы, тау-кен металлургия кешені, инновация және жасанды интеллект
салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету әлеуетін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев
бразилиялық делегацияның сапары екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға тың
серпін беретініне сенім білдірді. Мемлекет басшысы Бразилия Қазақстанның Латын
Америкасындағы басты серіктестерінің бірі екенін айтты. Сондай-ақ ол Президент
Лула да Сильваға ізгі сәлемі мен ыстық ықыласын жолдап, елімізге сапармен
келуге шақырды. Әңгімелесу барысында халықаралық күн тәртібіне назар аударылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның атом қуатын МАГАТЭ бақылауымен тек бейбіт
мақсатта пайдалануға бейіл екенін растады. Кездесуде еліміз ядролық қаруды
таратпау бойынша халықаралық аренада зор сенімге ие екені айтылды.

