Қазақстанның Ұлттық музейінде «Әлемнің діни дәстүрлерінің асыл қазыналары»
атты көрме ашылды. Елорда төрінде қанат жайған мәдени шара Әлемдік және
дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Мұнда
ислам, христиан, иудаизм, буддизм сынды әлемдік діндерге тиесілі 86 бірегей
экспонат жиналған. Көрермендер қасиетті кітаптардың көшірмелері мен бірегей
жәдігерлерді тамашалай алады. Аталған танымдық көрме адамзаттың бай рухани
мұрасын, қасиетті жазбалар, әдет-ғұрыптар, өнер мен философияда көрініс тапқан
ізгілік пен жақсылықты дәріптеуге арналған.
Бақытжан Есбергенов, Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының
басқарма төрағасының орынбасары:
– Көрменің өткізу мақсаты – мына діндер арасында диалог
құру. Солардың діне, рухани заттарымен таныстыру. Қасиетті Құран кітаптың
көшермелері, Тораның көшіомесі, Библияның көшермесі.

