Әлемге әйгілі кинорежиссер Эмир Кустурица Қазақстанда Алтын Орда туралы фильм түсіреді. Түсірілім 2022 жылға жоспарланған. Бұл туралы Қазақстан киносының ІІІ фестивалінде өткен онлайн-конференция барысында белгілі болды. Ұлттық кинематографияны қолдау жөніндегі мемлекеттік орталықтың басқарма төрағасы Есетжан Қосубаев атап өткендей, бұл бюджеттік және мазмұндық жағынан халықаралық нарыққа бағдарланған тарихи фильмдер қатарына қосылмақ.