Бұл күй Париждегі жазғы олимпиада ойындарында ел намысын қорғаған
қазақстандық спортшыларға арнап шығарылған. Авторлары – Жәнібек Қазыбекұлы мен
Бексұлтан Имашев. Қарағандылық дарынды жастар «Намыс» деп аталған күйді небәрі
бір апта ішінде дайындаған. Күйдің шымылдығы Италиядағы халықаралық фольклорлық
фестивальде ашылды. Онда отандық күйшілер музыкалық мектеп-студия
тәлімгерлерімен бірге қатысқан болатын. Айта кетейік, жас музыканттар бір жыл
бұрын «Sardar» атты дуэт құрды. Бүгінде домбыраны кеңінен насихаттап, балаларға
күй тартуды үйретумен айналысуда.
Жәнібек Қазыбекұлы, композитор:
– Осы олимпиаданы көріп жүріп, бізге шабыт келді. Неге
шығарып көрмеске деген сұрақ келді. Ең бірінші себепкер, алтын алған Елдос
Сметов болды. Содан осы күй аз-аздан туындай бастады. Күйге қандай ат қоямыз
деп ойластырдық. Күйдің ырғағы, техникасына байланысты «намыс» деген ат тура
келді деп ойлаймын.