Биылғы жыл Мәжіліс
үшін жемісті болды. 2025 жылы Қазақстан Парламентінің төменгі палатасы 100 заң
қабылдады, оның 24-і депутаттардың бастамасымен қолға алынған. Еліміздің -
Бюджет, Салық, Су, Құрылыс және Цифрлық кодекстермен жұмыс аяқталды. Заңнамалық
шешімдер әлеуметтік-экономикалық дамуға, цифрлық трансформацияға және
қазақстандықтардың конституциялық құқықтарын қорғауға бағытталды. 2025 жылы
жасанды интеллект туралы заң қабылданды - осылайша бұл сала жеке құқықтық
реттеуге ие болды.
Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Осы жылы цифрлық даму саласында екі негізгі жүйе құраушы заң қабылданды,
бүгінде оларды осы саладағы заңнамалық реттеудің негізгі деп батыл атауға
болады. Оның бірі - жасанды интеллект туралы заң, ол бізге жаңа экономикалық
процестерді іске қосуға мүмкіндік береді, жасанды интеллектіні пайдалану арқылы
экономикалық көрсеткіштерді, еңбек өнімділігін арттыруға болады, өміріміздің
барлық саласына жасанды интеллект енгізу – бұл мемлекет басшысының айтқаны, ол
үшін құқықтық база қажет болды және депутаттардың бастамасы бойынша бүгінгі
күні жасанды интеллект туралы заң әзірленіп, қол қойылды.
Жалпы, Мәжілістегі биылғы заң шығару жұмысы қызу талқылауға толы, болды, нәтижелі
әрі практикалық қолданысқа бағытталды. Қабылданған заңдардың жеке блогы
балаларға, білім беру мен денсаулық сақтауға арналды. Жалпы, жаңа заңнамалар
елдің ішкі және сыртқы саясатын нығайтып, Қазақстанның одан әрі дамуына негіз
қалады.
Марат Бәшімов, ҚР Парламенті
Мәжілісінің депутаты:
- Жыл табысты болды,
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін, барлық мемлекеттік органдардың
біздің азаматтарымыздың конституциялық құқықтарын қорғау жолындағы жұмысының
тиімділігі үшін көптеген оң нәтижелер қажет. Мәжіліс Парламенті өте көп жұмыс
істеді, ол 2022 жылғы конституциялық реформалардан кейін түбегейлі өзгерді.

