Қазақстанда Сауран қалашығының кіреберісі күрделі жөндеуден өтті. Бұл
«Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автожолының тарихи-археологиялық кешенге бұрылар
тұсы. Бұған дейін көне қалашыққа жету үшін 30 шақырым айналма жолмен жүріп өту
керек болатын. Жаңа жолайрық тарихи қалаға кіріп-шығуды айтарлықтай
жеңілдетеді. Оның ұзындығы шамамен 2 шақырым. Құрылыс барысында қолданыстағы
жол жамылғысы фрезерленіп, су өткізетін құбыр салынды. Жан-жағы абаттандырылып,
таңбалары мен белгілер, жарықтар орнатылды. Олардың сапасына сараптама жүргізген
жолшылар да стратегиялық нысанның барлық талапқа сай екенін айтады.
Нұржан Әшірмат, Ұлттық сапа орталығы Түркістан филиалының инженері:
- Жол құрылыс материалдарының 55 данасы сынақтан өткізілді. Оның ішінде 13
сынама талапқа сәйкес келмеген болатын. Осы методикаға сәйкес, мердігер
тарапынан өзінің осы 13 сынаманың әдістемесіне сәйкес барлығы жойылып, қалпына келтірілді.

