Түркі мемлекеттері бірігіп ғарышқа «CubeSat» спутнигін ұшырады. Қазір оны құрастыру жұмысына Өзбекстан мамандары тартылды. Құрылысты бастауға Қазақстан былтыр кірісіп кеткен. Бұл ғылыми-техникалық жерсерік болуы тиіс. Онда камера және зерттеу жүргізуге арналған бірнеше құрылғы орнатылады. Негізгі міндет - спутниктің өзін сынап көру. Одан кейін жоба сәтті шықса, ғарышқа жіберіліп, шекара мен агросекторлық аймақтарды анықтау үшін фото түсірілім жасауға қолданылады. Ғарыш кеңістігін бірлесіп зерттеуге бағытталған халықаралық шарт былтыр түркі мемлекеттеріне мүше 5 мемлекет – Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Қырғызстан, Әзірбайжан арасында бекітілген.

