Астанада Конституция күнінің қарсаңында Ата Заңымыздың
азаматтық қоғамдағы рөлі тақырыбын қозғайтын халықаралық конференция өтті.
Сарапшылар адам құқығы мен бостандығын сақтау мақсатындағы конституциялық
бақылаудың рөліне ерекше тоқталды. Конституциялық соттың судьялары, парламент
депутаттары, Астанадағы Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы кеңсесінің
өкілдері және Германия, Финляндия, Швейцария, Өзбекстан мен Қырғызстаннан
келген заңгер-ғалымдардың пікірінше, заң үстемдігін орнатудағы басты рөлді азаматтардың
өздері атқаруы тиіс. Десе де, жиналғандар Конституцияның сақталуында әр
мемлекеттік орган мен мемлекеттік қызметшінің де жауапкершілігі барына
тоқталды.
Берик Бекжанов, Парламентаризм институты директорының орынбасары:
– Мемлекет басшысы айтқандай, қазіргі қоғамдағы басты мақсат – азаматтардың құқығын қорғау. Азаматтарға тең құқық, тең еркіндік беру. Оның үстіне, заңның үстемдігін орнату қағидаты Конституциямен тікелей байланысты.
Айта кетейік, жыл басынан бері Конституциялық сот 7
мыңнан астам қазақстандықтың арыз-өтінішін қарады. Қазіргі таңда 500-ден астам
заңнамалық нормалар сараптамадан өтіп, оның 10-ы Конституцияға сәйкес емес деп
танылды.