Ұлттық тағам – ұлт бренді. Соңғы кездері заманауи технологиялардың көмегімен дайындалған дәстүрлі тағамдардың танымалдығы артып келеді. Бұл тренд Астанада өткен V Халықаралық гастрономиялық фестивальде айрықша сезілді. Шарада аспаздар бірінен бірі өткен рецептерін ұсынды.
Аспаз:
- Кейін мұнда сүрленген етті қосамыз. Бұл – ұлттық тағамның элементі.
Міндетті түрде ысталған құрт жүреді және қатпарлы қамырға оралады.
Конкурсқа қатысушылар ыстық және салқын тағамдардың өз нұсқасын ұсынуы
тиіс. Тағамдардың формасы мен құрамын өздері таңдайды.
Нұрсұлтан Толыбек, Гастрономиялық фестивальдің қатысушысы, Алматы қаласы:
– Құрттан мен мусс жасаймын. Кілегейді ұрғылайсың, ішіне құрт пен сүзбелі
ірімшік қосасың. Содан мусс пайда болады. Қазақтың ингредиенті болу керек деген
соң, мен осы мусс жасаймын деп шештім. Қазір езбе жасаймын, түсті орамжапырақтан
езбе. Грибы ол веллингтонның ішіне кіретін ингредиент. Бірақ мен веллингтонда
тесто асжапырақ, саңырауқұлақпен ораймын. Ет ішінде қалады.
Аспаздар сайысында қазақстандық колледж студенттері мен кәсіби мамандардан
бөлек таяу шетелден, Түркия, Корея және Қытайдан келген қатысушылар сайысқа түседі.
Айбике Батырханова Гастрономиялық фестивальге қатысушы, Қырғызстан:
- Жақында елдеріңізде көшпенділер ойыны өтті. Сондықтан, мен осы тақырыпта
торт жасауды жөн көрдім. Бұл Тұран елдерінің туы, киіз үй - түркі халықтарының
ортақтығы, яғни көшпелі халықты білдіреді. Мен осы тақырыпты өз көзқарасымша
жеткізгім келді. Ал, мынау қанттан дайындалған қағаздар, одан мен жеуге жарамды
жалау жасадым.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, студенттер басқа ұлттардың аспаздық ерекшеліктерін көре алады. Бұдан қоса фестивальді жыл сайын өткізу Қазақстанда гастрономиялық туризмнің дамуына ықпал етеді.
Автор: Әсел Күшенғалиева