Қазақстандық «Бауырына салу» фильмі Испанияның Сан-Себастьян қаласында өткен 71-ші халықаралық кинофестивальдің конкурстық бағдарламасына енді. Режиссер-дебютант Асхат Кучинчирековтың картинасы қазақтың байырғы дәстүрі бойынша әжесінің тәрбиесіндегі баланың өмірін баяндайды. Әжесі өмірден озғаннан кейін ол ата-анасына оралып, жаңа ортада бейтаныс адамдармен қарым-қатынас орнатуы керек. Түсірілім үш жылға созылған. Оқиға желісі Алматы облысында жүргізілді. Айта кетейік, халықаралық кинофестиваль 22-30 қыркүйек аралығында өтеді. Байқау – ең көне жарыстардың бірі болып табылады, сондай-ақ, Еуропадағы Канн, Берлин, Венециядан кейінгі төртінші орындағы испан тіліндегі ең маңызды конкурстардың бірі.