Биыл қазақ өнері әлемге әйгілі арт-алаңдарда, атап айтқанда, Венеция биенналесінде, Гиме Азия өнері музейінде таныстырылды. Ал Қазақстанның баспа өнімдері Франкфурт кітап жәрмеңкесінде көрсетілді. Мәдениет және ақпарат министрлігінің жұмысы мен саладағы жетістіктер туралы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Аида Балаева баяндады. 2024 жылы республикада журналистердің мәртебесін арттыруды көздейтін жаңа БАҚ туралы заң қабылданды. Ал креативті индустрия өкілдерін қолдау шеңберінде арнайы салық режимі енгізіліп, 10 хаб ашылды. Кездесу соңында Президент келесі жылы өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі секілді мерейтойлық әрі маңызды іс-шараларға дайындық барысын жіті бақылауға алуды тапсырды.
Әсел Күшенғалиева

