Елордада этникалық сән үлгісін дәріптейтін сән апталығы өтіп жатыр. Bozjyra
Fashion Week – тек қазақстандық емес, жақын шетелдегі этно-стильге машықтанған дизайнерлердің
басын қосатын шара. Осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырған сән апталығы - ұлы
дала әйелдерінің образын бүкіл әлемге насихаттауды мақсат етіп отыр. Грузия,
Ресей, Өзбекстан және қазақстандық сәнгерлер жаугершілік заманда ерлермен қатар
атқа қонған бұрымды батырлардың да бейнесін туындыларына арқау еткен. Биылғы
апталық 16 ғасырда өмір сүріп, тектілігімен танылған және ағылшын патшайымы
Елизавета I-інің серігі болған Ару Сұлтанға арналып отыр. Шараға
қатысып жатқан шетелдік дизайнерлер қазақ өнерінен шабыт алатынын жасырмады.
Лурена Доскеева, Вozjyra Fashion Week:
- Біз, болашақта барлық Орталық Азия мен Таяу Шығыс
дизайнерлерінің басын қосып, тығыз әріптестік байланыс орнатқымыз келеді.
Себебі, түркі халықтарының рухани құндылығы кең таралған. Алайда, әр халық оны
өз алдына бөлек түсінеді. Түркі әлемі дизайнерлерінің қауымдастығы осы бағыттың
қарқынды дамуына мүмкіндік береді.
Джулия Титова, қатысушы:
- Тарихы тереңге жайылған қазақ халқы ерте заманда
қалыптасқаны көрініп тұрады. Бірінші кезекте маған қатты ұнағаны – қазақ
халқының күші. Себебі, әр сурет, әр оюды қарасаңыз тылсым бір күшті байқауға
болады.