Астанада ұжымдық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Астанада ұжымдық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Астанада Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің әскери-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелері қаралды. Мемлекетаралық комиссияның кезекті отырысының қатысушылары өзара іс-қимыл ұжымдық қауіпсіздіктің және Ұйым мүшелерінің қорғаныс әлеуетін арттырудың негізгі элементі болып қала беретінін алға тартады. Жиында келер жылдың маусым айында Минскіде Құрылымның екінші әскери-экономикалық конференциясын өткізу бастамасы қолдау тапты. Сонымен қатар, делегация басшылары Жеңістің 80 жылдығына орай «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қойып, Отан үшін от кешкен жауынгерлердің рухына тағзым етті. 

Аян Еслямов, ҚР ҚМ Әскери-техникалық саясат департаментінің бастығы:

- Бұл отырыста бұған дейін Бішкек қаласында өткен кездесу шешімдерінің орындалу барысы талқыланды және комиссияның 2026 жылға арналған жоспары бекітілді. Ұйымға мүше мемлекеттердің өзара іс-қимыл тетігін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Отырыс жоғары деңгейде өтті. Бұл барлық қатысушылардың іс жүзіндегі ынтымақтастыққа дайындығының тағы бір айғағы.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?