Қазақстандық депутаттар Қырғызстан астанасында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысты. Тараптар есірткі және киберқылмысқа қарсы күрес шараларын талқылады. Қазақстандық делегация басшысы - Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ұйымға қатысушы елдерде есірткі заттарының заңсыз айналымы мен интернет-алаяқтықтың өсіп бара жатқанын бас айтты. Ол осы жаһандық сын-қатерлерге заңнамалық тосқауыл қоюда күш біріктіруге шақырды.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы:
- Бүгінгі таңда біздің елдеріміз трансұлттық қауіп-қатерлерге көбірек ұшырап жатыр. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы синтетикалық есірткі мен киберқылмысқа қарсы іс-әрекет саласында ортақ құқықтық кеңістік құруға ықпал ете алады. Қазақстан депутаттары осы жұмысқа белсене атсалысуға дайын. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша есірткі қылмыстарына қатысты жауапкершілік заңнамалық тұрғыда едәуір күшейтілді. Биылғы Парламенттік сессияның соңына дейін интернет алаяқтық үшін де жауапкершілікті заң жүзінде қатаңдатуды жоспарлап отырмыз.

