Қытайда адам құқықтарын дамытуға арналған форум өтті

Қытайда адам құқықтарын дамытуға арналған форум өтті

Қытайдың Сиань қаласында «Қытай - Орталық Азия» адам құқықтарын дамытуға арналған халықаралық форум өтті. Сарапшылар өзара алмасуды тереңдету жолдарын талқылады. Олар экономикалық және әлеуметтік құқықтарды іске асыру халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін берік негіз болатындығын атап өтті.

Әлішер Тастенов, ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының бас сарапшысы:

- Қытайдағы адам құқықтары түсінігіне, яғни азаматтардың бастапқыдан-ақ қамтамасыз етілуі тиіс құқықтар қатарына экономикалық құқық та кіреді. Білім алу мүмкіндігі, тұрақты жұмысына қарай адам өзінің өмірлік құндылықтарын қалыптастыра алады.

Кейінгі жылдары Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы «С5+1» форматындағы жиындар жиі өтіп жүр. Бұл ынтымақтастықты тек нығайта түседі дейді жиналғандар. Сондай-ақ, алқалы жиын маусымда Астанада өткен «Орталық Азия-Қытай» саммиті аясындағы әріптестіктің де жалғасы. Форумда қатысушылар маман даярлау тақырыбын жан-жақты талқылады.

Сунь Вэйдун, «Қытай - Орталық Азия» форматы хатшылығының бас хатшысы:

- Біз жаһандық даму, қауіпсіздік және өркениетті қолдаудағы бастамаларды белсенді жүзеге асырып келеміз. Алдағы екі жыл ішінде Орталық Азия елдерінің азаматтарына 3 мың білім беру гранты ұсынылады. Бұл өңір мемлекеттерінің өз бетінше тұрақты дамуын жетілдіруге, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және даму арқылы адам құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?