Волонтерлер су тасқынынан зардап шеккендерге 1700 тоннадан астам
гуманитарлық көмек жинады. Еліміздің мәдениет және ақпарат министрлігінің
мәліметінше, жүк басым көпшілігі су басқан өңірлерге жеткізілді. Бүгінде
тасқынға қарсы күреске барлығы 29 мыңнан көп волонтер жұмылдырылған. Олар тұрғындарды
қауіпсіз орынға көшіріп, эвакуациялауға атсалысып, гуманитарлық көмекті жинауға
және сұрыптауға, ақпарат таратуға көмектесіп жатыр. Еріктілер Ақтөбе, Қостанай,
Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Абай облыстарында қол ұшын беріп, жұмысын
жалғастыруда. Айта кетсек, елімізде гуманитарлық көмекті қабылдап алу үшін 20
волонтерлық фронт-кеңсе құрылды.