Астанада құнды тарихи жәдігерлер ұсынылды

Астанада құнды тарихи жәдігерлер ұсынылды

Астанада алтын дискімен безендірілген және бағалы тастармен көмкерілген, сабында халцедоны бар темір қылыш таныстырылды. Бұл артефакт 2018 жылы Ақтөбеге жақын қорымнан табылған. Онда ғұндар дәуірінде ақсүйек немесе рулық мәртебесі жоғары ер адам жерленген. Көрмеге Қазақстан астанасына басқа да құнды жәдігерлер әкелінді. Экспозицияға келем деушілердің назарына да еңбек құралдары, тұрмыстық заттар, жебе ұштары, әшекейлер мен ыдыстар ұсынылған. Көрмеге қойылған жәдігерлер тас дәуірінен бастап Алтын Орда дәуіріне дейінгі кезеңді қамтиды.


 

Әзілхан Тәжекеев, А.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Астана қ. филиалының директоры:


- Көрмеміздің төрінде тұрған басты жәдігеріміз – бұл Елеке сазы кешенінен табылған белдіктегі тәж киіп, тақта отырған Қағанның бейнесінің негізінде жасалған реконструкциясы. Бұл танымал археолог Самашев Зейнолла ағамыздың қазба жұмыстарында табылған. Оның реконструкциясын жасаған белгілі этногроф Қалиолла ағамыз.


Табылған артефактілер Қазақстанның ежелгі тарихын терең зерттеп, құнды парақтардың бетін ашуға мүмкіндік береді,- дейді тарихшылар. Мысал ретінде қаңлылардың өмірі туралы көптеген мағлұмат берген жазуларды айтуға болады. Бұл тайпалар қазiргi оңтүстiк Қазақстанның аумағында бiрнеше ғасыр бойы мекендеген. Бүгінде бұл мемлекет ең аз зерттелгендердің бірі болып саналады.


Александр Подушкин, Тарих ғылымдарының докторы:


- Күлтөбе қалашығында керамикалық кірпіш-кестедегі бірегей хат табылды. Қазір бұл хаттың қырыққа жуық фрагменті анықталды. Бұл шамамен 1700 артық таңба, 86-87 жол. Одан біз өте қызықты ақпарат аламыз. Ол қаңлылардың өздері жазғанымен құнды. Керамикалық кірпіш-кестелерде орындау форматының арқасында біз әлемнің ұлы өркениеттерімен қатар тұра алдық.


Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?