Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы Қазақстанда кең көлемде аталып өтіледі

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы Қазақстанда кең көлемде аталып өтіледі

Биыл қазақстандықтар Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын атап өтеді. Қазіргі уақытта Президенттің тапсырмасы бойынша елімізде бірқатар іс-шаралар жүргізілуде, алайда негізгі бөлігі тамыз және қыркүйек айларына жоспарланған. Өңірлер үлкен дайындық жұмыстарын жүргізуде. Ұлы қазақ ақынының алдағы мерейтойы қарсаңындағы іс-шаралар үкіметте талқыланды.


Ермек Көшербаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

- Мақсатымыз Абайдың мұрасын құрметтеп, ұрпақ санасына сіңіру. Бұл салаға сай біз, заман ағымына сай креативті индустрияның дамуына көңіл бөліп жатырмыз. Өңірлерде 16 креативтік орталық ашылды. Оларға салық жеңілдіктері енгізілді. Бұның түпкі мақсаты дарынды жастарды іздеп табу, олардың жобаларын қолдап, инвесторларды тарту. Одан соң, отандық креативтік өнімдіреді халықаралық нарыққа шығару. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?