Қазақстанның мемлекеттік рәміздері Арктикалық дүниежүзілік архивте сақтаулы

Қазақстанның мемлекеттік рәміздері Арктикалық дүниежүзілік архивте сақтаулы

Қазақстанның туы, елтаңбасы мен әнұраны мәңгі тоңның қойнауында. Ел нышандарының цифрлық нұсқалары Шпицберген архипелагындағы Арктикалық дүниежүзілік архивке енгізілген. Олар оның қорына 2021 жылы тапсырылған. Қазіргі таңда адамзаттың цифрлық жадын сақтауға арналған бірегей қоймада Қазақстанның рәміздері Орталық Азияға қатысты орналасқан жалғыз жәдігер. Бүгінде мұрағатта әлемнің 30 шақты елінен жиналған 100 аса материал сақтаулы. Олардың қатарында Ватикан кітапханасы мен Еуропалық ғарыш агенттігінің материалдары бар. Бірегей деректер қоры– жаһандық цифрлық мұраны келешек ұрпаққа аман жеткізу мақсатында құрылған. Ол үшін Piql арнайы технологиясы қолданылады. Автономды жүйе кибершабуылдар мен сандық қауіп-қатерлерге төзімді.

Руне Бьёркестранд, Arctic world archive негізін қалаушы:

- Бүгінде ақпарат түрлі қауіп-қатерге тап болып отыр. Қандай деректердің болашақта сақталатынына ешкім кепілдік бере алмайды. Сол үшін, бұл орын уақыт пен технологиялық өзгерістерге қарамастан ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету үшін құрылған.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?