Елордада граффити-суретшілер бас қосты

Елорда тұрғындары мен қонақтарына бір ай бойы граффитимен айналысып, сурет салуға болады. Кәсіби және әуесқой суретшілер және street-art саласының майталмандары «Astana Graffiti Festival» алаңында бас қосты. Шара Президент орталығының алдында өтеді. Ол үшін арнайы қабырғалар да құрыстырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көп елде өнердің осы түріне тіпті тыйым салынған. Алайда, Қазақстанда граффитиге қалалардың сәулет өнерін көркемдеуші қосымша құрал ретінде қолдау көрсетіліп келе жатыр.

Ботакөз Қайыпова, Президент орталығы директорының орынбасары:

- Астана қаласының көшелерінде мурал өнері танымал. Бұл біздің ғимараттарымыздың ерекше сәулеттік көрсеткіші болып танымал болса да, ресми түрде қалыптасқан көше өнерінің бір бағыты. Ал граффитиді бұған қарсы қоюға болмайды. Себебі, оны қолдайтын жастар мен азаматтар қаланың келбетін әшекейлеуге, оны сүйкімділеу арқылы оның жанын қалыптастырып, сол бағытта жұмыс істеп жүрген мәдениетіміздің бағыты.

Шараның тағы бір мақсаты – кәсіпқой граффитишілер тарапынан шеберлік сабағын өткізу. Бір ай бойы кез келген қызығушы жан елімізге белгілі жас суретшілерден дәріс алып, қабырғаны кескіндеу өнерінің қыр-сырымен танысады.

Ульяна Евдокимова, қатысушы:

- Граффити деген – мен үшін өз ойымды, ішімде болып жатқан құбылысты сыртқа шығарып, білдірудің жолы. Әлбетте, мен осы істен ләззат аламын. Граффитимен айналысу үшін арнайы білімнің де қажеті жоқ. Тек қызығушылық пен талпыныс болса, жеткілікті.