- Сынық мүйіз дейді мына орнаметті. Мынау
гүлдер. Мынау қошқар мүйіз. Мынау қызғалдақ құрақ...
Қазақстандық ісмерлер де V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына өз үлестерін қоспақ. Еліміздің солтүстік өңірінің шеберлері дүбірлі додаға арнап ең ұзын құрақ көрпе тігіп, шараның ашылуына келген қонақтарды таң қалдырмақ ниетте. Бұл мақсатта Ғалия Амантайқызы өлкеде өзі сынды 10 шақты құрақшыны іздеп, бастарын қосқан. Олар «Ұлы дала» ойындарында, ұлттық өнерді ұлықтайды. Осылайша теріскейлік қолөнер шеберлері Гиннестің рекордтар кітабына енуді жоспарлап отыр. Айта кетейік, солтүстік қазақстандық он саусағынан өнер тамған ісмерлер былтыр «Аламан құрақ» байқауына қатысып, Қазақстанның рекордтар кітабына енген.
Ғалия Амантайқызы, құрақшы:
- Біз 8-і күні этноауылдың ашылуын жасаймыз. Соған қатысамыз. Бізге осы дизайнерлер жіберді, қандай көрпе болу керек. Солтүстік Қазақстаннан жиналған 9 құрақшы бір-бір көрпе тігіп апару керек. Ұзындығы 2,5 метрден. Мен өзім тігіп қойдым. Тағы үш құрақшым тігіп қойды. Қалған 5-і де бітейін деп жатыр.
Естеріңізге сала
кетейік, төрткүл дүние көз тіккен көшпенділер ойындары өтетін Астана қаласына
100 мыңнан аса турист келеді деп күтілуде. Олар ұлттық спорт
түрлерімен ғана емес, көшпелі өркениеттің ежелгі мәдениетімен де жақынырақ
таныса алады.