Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық Банктің биылғы жартыжылдықта жүзеге асырған ақша-кредит саясатының қорытындысы туралы есеп берілді. Тимур Сүлейменов жылдық инфляцияның бәсеңдегенін және ішкі экономикада проинфляциялық факторлардың сақталып отырғанын айтты.
Сонымен қатар, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері мен алтын-валюта резервтерінің жай-күйіне тоқталды. Қазіргі таңда қазақстандықтардың қаржысын алаяқтардан қорғау үшін антифрод-орталық құру жобалары жүзеге асып жатыр. Ұлттық банк төрағасы осы және Ұлттық төлем жүйесі мен ашық банкинг принциптерін дамыту барысы туралы айтты.