Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев қазақ-өзбек қарым-қатынасы жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті. Әңгімелесу барысында өзара ықпалдастықты одан әрі нығайту, сәуір айында Бұхарадағы кездесуде қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты іске асыру мәселелері талқыланды. Президент әкімшіліктері, үкіметтер мен салалық ведомстволар арасындағы байланыстардың жандануына назар аударылды. Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің негізгі мәселелері жөнінде пікір алмасып, алдағы ортақ іс-шаралардың кестесін қарастырды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?