Қазақстан мен Финляндия Президенттері Ұлттық музейге барды

Қазақстан мен Финляндия Президенттері Ұлттық музейге барды

Қазақстан мен Финляндия Президенттері Астанадағы Ұлттық музейге барды. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стуббқа  ежелгі заманнан бастап қазіргі дәуірге дейінгі кезеңді қамтитын бірегей тарихи-мәдени құндылықтар таныстырылды. Сондай-ақ, қос Мемлекет басшылары Көне түркі өркениеті, Ұлы даланың ежелгі өнері мен технологиялары, Қазақтың дәстүрлі мәдениеті залдарын аралап, аса құнды тарихи жәдігерлерді көрді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?