2027 жылға дейін Қазақстанда моноқалаларды
дамытуға 1,7 трлн теңге жұмсалмақ. Үкімет осындай 10 елді мекеннің 4 жылға
арналған кешенді даму жоспарын бекітті. Оның аясында 608 тармақтан тұратын
іс-шараларды іске асыру көзделген, атап айтқанда, денсаулық сақтау, білім беру,
спорт, инженерлік инфрақұрылым, шағын және орта бизнес, агроөнеркәсіптік кешен
нысандарын салу және жөндеу, заманауи жабдықтарды сатып алу қарастырылған.
Сонымен қатар Балқаштағы әуежайды қайта жаңғырту мәселесі де қаралды. Онда
барлық алға қойылған міндеттер орындалғаннан кейін туристер саны арта түсіп,
іскерлік белсенділік 4 есеге өседі деп болжануда. Еске сала кетейік, Мемлекет
басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев моноқалаларға қатысты мемлекеттік саясатты қайта
қарауды тапсырды. Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігі тиісті Жол
картасын әзірлеуде. Құжатта мемлекеттік қолдау шараларының бірыңғай тізбесін
және барлық 27 қазақстандық моноқаланың аумағында индустриялық аймақтарды
құруды көзделген.