Қазақстан Президенті Конституциялық комиссия жетекшілерін қабылдады

Қазақстан Президенті Конституциялық комиссия жетекшілерін қабылдады

Қазақстан Президенті Конституциялық комиссия жетекшілерімен жұмыс кеңесін өткізді. Мемлекет басшысына Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова, комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин және комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев жаңа Негізгі заң жобасы бойынша атқарылған жұмыс туралы мәлімет берді. Бүгінге дейін eGov және e-Otinish порталына жұртшылық тарапынан келіп түскен ой-пікірлер саны 4 мыңнан асқан. Азаматтар жобаны бүгінгі талап-тілектер мен қоғам мүддесіне сай келеді деп таниды. Саяси партиялар, республикалық және өңірлік қоғамдық ұйымдар жаңа Ата заң жобасына қолдау білдірген. Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия жұмысы ашық форматта жалғаса беруге тиіс екенін атап өтті. Президент сарапшылар мен қоғам өкілдері жолдаған ұсыныстардың барлығын жіті талдауды тапсырды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?