Астанада «Опералия» фестивалі басталды

Елордада осындай театрландырылған көрсетіліммен «Астана Опера» қабырғасында «Опералия» фестивалі ашылды. Ауқымды іс-шараға қатысу үшін әлемнің 12 елінен, Армения, Италия, Болгария, Моңғолия, Қытай, Оңтүстік Корея, Германия және Орталық Азия мемлекетінен әртістер мен дирижерлер келді. Бір ай бойы елорда тұрғындары мен қонақтарын премьералар мен танымал қойылымдардың қызықты шоуларын, камералық музыка мен симфониялық оркестрдің концерттерін, ШЫҰ елдерінің солистерінің қатысуымен өтетін гала-операсын, сондай-ақ 4 гранд опера мен бірқатар балет қойылымдарын тамашалай алады.

Алтынай Асылмұратова, «Астана опера» театрының көркемдік жетекшісі, ресейдің еңбек сіңірген әртісі:

- Мұнда тек балет өнері ғана емес, опера өнері, музыка өнері де бар. Шақырылған қонақтар да көп. Фестивальдің балетпен, атап айтқанда хореограф Иржи Килианның жауһарлары үш бір актілі балетпен  ашылуы бізді қуантады. Менің ойымша, бір сахнада үш шедеврді бір уақытта көрсету идеясы өте мықты. Себебі  Астанада мұндай мүмкіндік бар.  «Astana Ballet» репертуарында «Алты би», «Құлаған періштелер» және «Кішкентай өлім» қойылымдары бар. Оның барлығын көрермендер назарына ұсынып, қуантқымыз келеді.

Айта кетейік,  биыл «Опералия» фестивалі «Астана Операның» Х мерейтойлық маусымында өткізілуде. Фестиваль маэстро Алан Бөрібаевтың симфониялық музыкасының концертімен аяқталады.

Алан Бөрібаев, «Астана опера» театрының бас дирижері, қр еңбек сіңірген қайраткері:

- Вердидің екі операсы «Дон Карлосы» пен «Аидасы», Россинидің «Алжирдегі италиялық қыз» операсының премьерасы көрсетіледі. Бұл айтулы оқиға деп айта аламын. Раритет опера. Россинидің опеерасы бола тұра әлдеқайда сирек орындалатын шығарма. Сондай-ақ 16 шілдедегі концертке – осы фестивальдің қорытынды симфониялық концертіне және осы маусымның финалына тоқталғым келеді. Онда алғаш рет Ахмет Жұбанов пен Ғазиза Жұбанованың «Құрманғазы» операсынан алынған тақырыптарға симфониялық сюита шырқалады.