Нұрғиса Тілендиевтің мерейтойы ЮНЕСКО атаулы даталар күнтізбесіне енді

Нұрғиса Тілендиевтің мерейтойы ЮНЕСКО атаулы даталар күнтізбесіне енді

ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы 2025 жылды Нұрғиса Тілендиевті еске алу жылы деп жариялады. Бұл туралы халықаралық ұйымның бас хатшысы Сұлтан Раев мәлімдеді. Қазақ композиторының ғасырлық мерейтойы аясындағы мәдени шаралар Қазақстанда ғана емес, тұтас түркі елдерінде өткізіледі. Арнайы концерттік бағдарламалар, шығармашылық кештер және ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастырылады. Қазақ даласын күймен тербеген тұлғаның мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде де тойланады. Ол ұйымның атаулы даталар күнтізбесіне енді. Композитор, дирижер әрі күйшінің шығармашылық мұрасы отандық классиканың бір бөлігіне айналды. Оның музыкасы қазақ жан-дүниесінің өзгеше рухы мен нышаны. Нұрғиса Тілендиевтің жеке заттары мен архив фотосуреттері қойылған бірегей көрме Алматыдағы халық музыкалық аспаптары музейінде ашылды. Ал, Астанадағы Қазақконцерт сахнасында қазақ музыкалық өнерінің алтын қорына енген автордың өміршең шығармалары шырқалды.

Асанәлі Әшімов, ҚР Халық әртісі:

- «Қыз Жібек» фильмінің үлкен дәрежеге жетуі 50% осы музыкаға байланысты болды. Соның өзін Нұрғиса домбырамен отырып, ана экранға қарап отырып, жазды. Сол байқалып тұр – темпі, ритмі, сонысымен алды. «Қыз Жібекке» көп жұмыс жасады. Оған тең келетін, адамым жоқ. Нұрғисаның биіктігі сондай. Нұрғиса – ол мәңгілік қой.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?