Рахат-Би Әбдісағин Лондонның Құрметті музыканттар қауымдастығының күміс медалін иеленді. Бұл – Ұлыбританияның ең көне және маңызды марапаттарының бірі. ХІХ ғасырда негізі қаланған марапат жыл сайын ең үздік жас музыканттарға беріледі. Салтанатты марапаттау рәсімі Корольдік астанасында өтті. Айта кетейік, Рахат-Би Әбдісағин мұндай жоғары марапатқа ие болған алғашқы қазақстандық. Композитор және пианист, «Болашақ» бағдарламасының стипендианты 150-ден астам музыкалық шығарма жазған. Оның композициялары Еуропа, Азия және Америкадағы әйгілі концерт залдарында орындалады. Биыл ол Ұлыбританияның төрт соборында The Bruce операсының әлемдік премьерасын ұсынды. Сонымен қатар, «Кванттық механика және авангардтық музыка» атты кітабы немістің беделді Springer баспасынан жарық көрді.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

