Қазақстан Президенті ҚХР Гонконг Арнаулы әкімшілік ауданы Әкімшілігінің
Басшысы Джон Лимен кездесу өткізді. Қасым-Жомарт бұл сапардың маңызы айрықша
екенін айтты. Ол бұл уақиға Қазақстан мен Гонконг, кеңінен алып қарағанда,
мәңгі жан-жақты стратегиялық серіктестік байланыстыратын Қазақстан мен Қытай
арасындағы ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беретіні сөзсіз деді. Сондай-ақ, елдеріміздің арасында жоғары деңгейдегі саяси диалог орнағанына тоқталды. Мемлекет
басшысы Гонконг әлемде жетекші қаржы және іскерлік орталықтардың бірі ретінде
ерекше рөл атқаратынын атап өтті. Сонымен қатар, кездесуде тараптар инвестициялар тарту, инновациялар мен заманауи
технологияларды енгізу мәселелерін талқылап, сауда-экономикалық ынтымақтастықты
одан әрі жандандыруға өзара мүдделі екенін растады.

