Астанада литвалық суретшінің көрмесі ашылды

Астанада литвалық суретшінің көрмесі ашылды

Бейнелеу өнері мен әсем саздың үндестігі. Елордалықтар мен қала қонақтары танымал литвалық суретші және композитор Микалоюс Чюрленистің бірегей шығармашылығына қанықты. Ұлттық музейде Литва мәдениетінің көрнекті өкілінің 150 жылдығына арналған көрме ашылды. Микалоюс Чюрлёнис бай мұра қалдырды. Қылқалам шебері әрі сазгер шығармашылық жолында 300-ден астам кескіндемелік және графикалық еңбек, сондай-ақ 200 музыкалық туынды жазған. Астана төрінен орын тепкен экспозицияда автордың әуезді музыкалық шығармаларының сүйемелдеуімен таңдаулы суреттерінің репродукциялары ұсынылды. Бұл қатарда - «Әлемнің жаратылуы», «Күн сонатасы», «Теңіз сонатасы» атты әйгілі туындылары бар. Литваның еліміздегі дипломатиялық өкілдігінің дерегінше, мерейтой иесіне арналған мәдени-танымдық іс-шаралар әлемнің көптеген елдерінде өтіп жатыр. Қазақстандық көрме 12-ші маусымға дейін жалғасады.

Эгидиюс Навикас, Литваның Қазақстандағы елшісі:

- «Көрме - Қазақстан мен Литва арасындағы тығыз мәдени байланыстың жарқын үлгілерінің бірі. Жергілікті қауымды ұлттық өнерімізбен таныстыру үшін осындай көрнекті өкілдеріміздің шығармашылығын ұсыну игі дәстүрге айналды. Дәл осындай көрмелер сынды өзге де бірлескен түрлі мәдени жобалар жиі ұйымдастырылады».

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?