Астанада классикалық музыка кеші өтті

Астанада классикалық музыка кеші өтті

Астана төрінде әуезді әуен әуеледі. «Батыстан Шығысқа дейін». Роза Бағланова атындағы «Қазақконцертте» осындай атаумен классикалық музыканың кеші өтті. Өнер сүйер қауым Бетховеннің «Кориолан» увертюрасы мен 5-симфониясы және Шостаковичтің №1 скрипка концертіне қанықты. Аты аңызға айналған Ресейлік сазгердің жауһарлы шығармасын бірқатар халықаралық байқаулардың лауреаты атанып үлгерген қазақстандық жас скрипкашылар буынының жарқын өкілі Диана Макажан орындады.

Диана Мақажан, скрипкашы, Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің артисі:

- Біз бұл бағдарламаға үлкен дайындық жасадық. Концерттің техникалық та, ансамбльдік те күрделі тұстары көп. Соған қарамастан, музыкасы өте терең, эмоциясы мол. Сондықтан оны орындау - мен үшін үлкен қуаныш.

Ал кешке әлемдік ареналарда өнерімен танылып жүрген түрік маэстросы Хакан Шенсой жетекшілік етті. Қадірменді мейман қазақстандық әріптестерінің өнерін жоғары деңгейде бағалап, болашақта тағы да бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екенін айтады.

Хакан Шенсой, дирижер, Түркия:

- Қазақстанға жасаған осы сапарымнан ұмытылмас әсер алдым. Өнер үшін шектеу жоқ. Жалпы өзім қазақ халық музыкасымен етене таныспын. Қазақтың ұлттық әуендерін сүйсіне тыңдаймын. Келесі келгенімде міндетті түрде қазақстандық сазгерлердің шығармаларынан құрылған бағдарламаға жетекшілік етуді мақсат тұтамын. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?