Димаш Құдайберген әсем әнімен тағы да таң қалдырды. Ол Франция Президентінің шақыруымен Парижде Елисей сарайында өткен мемлекеттік қабылдауда «SOS» және «Дайдидау» композицияларын орындады. Әртіс өнерін жұртшылық өте жылы қабылдады. Әншінің орындауына Францияның экс-бірінші ханымы Карла Бруни таңданысын білдірді. Димаштың орындауындағы бейнебаянды мемлекет басшысының кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли жариялады.
Әсел
Күшенғалиева