Астанада Қазақстанның ғарыш саласының дамуынан сыр шертетін көрме өтіп жатыр

Астанада Қазақстанның ғарыш саласының дамуынан сыр шертетін көрме өтіп жатыр

Адамзаттың ғарышты бағындыруы осы бір сөзден басталды. 65 жыл бұрын Байқоңыр ғарыш айлағынан Юрий Гагарин аспан әлеміне жол тартты. Президенттік орталықта мерейтойлық көрме өтті. Экспозицияда 30-ға жуық бірегей мұражай экспонаттары мен 60-тан астам мұрағаттық материал ұсынылған. Олар адамзаттың ғарышты игерудегі алғашқы қадамдарынан бастап, қазіргі заманғы Қазақстанның ғарыш саласын көрсетеді. Экспонаттар арасында - отандық ғарышкерлерге тиесілі заттар бар. Мысалы, Тоқтар Әубәкіровтың қолғабы, Талғат Мұсабаевтың ғарышқа алып ұшқан Байқоңыр топрағы салынған капсуласы, ал Айдын Айымбетовпен бірге Халықаралық Ғарыш станциясында желбіреген мемлекеттік ту таныстырылды. Көрмеде сондай-ақ Қазақстандағы ғарыш саласының дамуы туралы кітаптар, отандық ғарышкерлердің Жер орбитасында жүргізген зерттеу жобалары ұсынылды.

Жібек Жүзенова, ҚР ПІБ Президенттік орталығы экспозициялар мен көрмелерді ұйымдастыру қызметінің жетекшісі:

- Көрменің мақсаты - ғарыш саласының дамуы мен тарихи байланысын көрсету, адамның ғарышқа алғаш ұшқан сәтінен бастап бүгінгі күнге дейінгі жүріп өткен жолын насихаттау және қазіргі заманғы инновациялық дамудың бір көрінісі ретінде жалпы жұртшылыққа Қазақстан жерінен ұшқан алғашқы ғарыштық турист туралы материалдар ұсыну.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?