Қазақ ұлттық әшекейлері жай ғана зергерлік бұйымдар емес. Мәселен күміс зұлым рухтардан қорғайды, қола уақыт құпияларын ашады. Осы секілді дала өнерінің дәстүрлерін қазақстандық суретші әрі зергер Сержан Баширов жарты ғасыр бойы сақтап келеді. Ол ата-бабаларымыз қолданған материалдарды пайдалана отырып, ежелгі зергерлік бұйымдарды жаңа интерпретацияда жасап шығарады. Оның жұмыстары елордада өтіп жатқан «Таңба шырақшысы» атты бірегей көрмеде ұсынылды. Экспозициядан шебердің ағаштан, мыстан және сүйектен жасаған авторлық инсталляцияларын, сондай-ақ жеке коллекциясындағы көне қазақ кілемдерін, бесіктер мен киіз үйдің есіктерін және тағы басқа да қазақтың көшпелі мәдениетінің заттарын көруге болады. Көрме тамыз айының ортасына дейін жалғасады.
Лейла Махат, жоба кураторы:
- Жеке коллекцияға XVIII ғасырдан бүгінгі күнге дейінгі қазақ халқының таңғажайып тұрмыстық заттары кіреді. Менің ойымша, бұл көрменің бірегейлігі – зергерлік өнердің заманауи туындылары мен біздің ежелгі мәдениетіміздің байланысын көрнекі түрде байқауға болатындығында.
Сержан Баширов, мүсінші, зергер, коллекционер:
- Мәнін түсінуге көп уақыт кетеді. Мысалы, мен бір жұмысты бастап кейін оны аяқтамай, екіншісін бастап кетемін. Бір жұмысты бір ай ішінде, кейде бір жылда жасап бітуім мүмкін. Зергерлік бұйымдардан күмісті пайдаланамын, бұл да біздің дәстүрлі материалымыз. Тастардан болса біздің ата-бабаларымыз мыңдаған жыл бойы далада пайдаланған. Ақық, көгілдір ақық тастарын қолданамын. Басында айтқанымдай, мен көшірмелерді, әсіресе Батыс Қазақстан әшекейлерін, Адай стилін қолдандым, бірақ біртіндеп өз қолтаңбамды, осындай этно авангардты дамыттым.