Астанада кәсіпкерлік белсенділік артты

Астанада кәсіпкерлік белсенділік артты. Биыл жарты жылда елордада жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілері 6,5%-ға артқан. Ал салада жұмыспен қамтылғандар саны 234 мыңнан асады.

Атап айтарлығы, өсім  экономиканың барлық дерлік саласында байқалады. Бірінші кезекте – сауда. Себебі, осы бағытта 80 мыңнан астам субъектілер жұмыс істейді. Өнеркәсіп пен логистика салаларының да қарқыны жоғары жылдамдықпен дамып келеді. Жалпы экономикалық прогрестің қозғалтқыштары салық төлемдері мен жұмыс орындарының көбеюінен құралатыны белгілі. Бүгінгі таңда барлық салық төлемдерінің жартысынан көбі шағын және орта бизнеске тиесілі, дейді сарапшылар. 

Қуаныш Қадыр, Кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бастығы:

– Осы жылдың бірінші тоқсанында шағын және орта бизнес субъектілері 3,3 трлн теңгеге өнім мен қызмет көрсетті. Ал өткен жылы бұл сома 14,7 триллион теңгеге жетті. Бұл – керемет нәтижелер. Сондай-ақ, ШОБ субъектілерінің бюджетке салық төлемдері жыл сайын артып келе жатқанын атап өткім келеді. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында бұл көрсеткіш 1 трлн және 235 млрд теңгені құрады.