Мәселен, Маңғыстау облысындағы «Болашақ» теміржол станциясы арқылы 2022 жылы Қазақстанға 200 мың тоннадан аса әртүрлі жүк келген.
Аралбай Орысбаев, теміржол қызметкері:
- Бізге берілетін уақыт 60 минут. Соның ішінде жағдайын жасап жібереміз. Өзен бағытынан келетін поездарға техникалық қызмет көрсетеміз. Ұзақ жүріп келе жатқан пойыздардың аяқтары босап кетуі мүмкін. Сол жағын қатырып бекітіп жібереміз.
Айта кетейік, «Болашақ» теміржол станциясы арқылы отандық тауарлар экспорты да ұлғайып келеді. Мәселен, Иран мен Түркменстан елдеріне қазақстандық астықтың тасымалы айтарлықтай өсті. Ал кері бағытта елімізге көршілес Орталық Азия мемлекетінен тоқыма бұйымдары мен жеміс-жидектер импортталады.
Мақсат Нұрбеков, «Болашақ» теміржол станциясының бастығы:
- Қазірдің өзінде 5 поезд қабылдап, 5 поезд тапсыруға мүмкіншілігіміз жетеді қазір тәулігіне. Ал енді алдағы уақытта жүк айналымы артып жатса, онын қабылдап-жіберуге дейін біздің мүмкіншілігіміз арта береді. 2022 жыл қорытындысында Түркменстан елімен арадағы жүк айналымында, олар бізге 200 мың тоннадай жүк алып келсе, біздің тарапымыздан 1 млн 200 тоннадай жүк өткіздік.
Қазақстан Қытай және Ресейден Түрікменстан мен Парсы шығанағы елдеріне тауарлар экспортталатын көлік «дәлізі» іспеттес. Жалпы республика арқылы шетелден транзитпен екі миллион тоннадан астам жүк тасымалданды.