2024
жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсімі - 5% деңгейінде сақталады. Бұндай болжамды Еуразиялық
даму банкі жасады. Айта кетейік, осыған ұқсас деректер қаржы институтының
сәуір айындағы талдауында да болған. Сарапшылардың пайымдауынша, Үкіметтің
Қазақстан экономикасын әртараптандыру жөніндегі шаралары экономикадағы
катализатор рөлін атқармақ. Бұл орта мерзімді кезеңде ЖІӨ-нің
тұрақты өсу қарқынын қолдауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Ұлттық банктің
базалық ставкасы жыл соңына қарай жылдық 13%-тен
жоғары деңгейде сақталады деп күтілуде. Ал,
2025 жылы жылдық 8,75%-ке дейін төмендейді. Айта кету керек,
ЕАДБ Қазақстан экономикасына жыл соңына дейін 1 млрд доллар инвестиция салады. Қаражат
көлік, өнеркәсіп, энергетика және қоршаған ортаны жақсарту, агроөнеркәсіптік
кешен, сондай-ақ,
әлеуметтік инфрақұрылымды салу және жаңғырту жөніндегі жобаларға жұмсалады.