Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты екі есе өсті

Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты екі есе өсті

Еуразиялық экономикалық одақ еліміздің экспорттық әлеуетін арттырады. Одақ құрылғалы Қазақстанның бірлестік құрамындағы мемлекеттермен сауда айналымы 90% жуық көбейген. Ал экспорт 10 млрд долларға жетіп, екі есе артқан. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, одақ ішіндегі алыс-берісті тежейтін кедергілер де жойылып тұрады. Мәсеселен, дәл сондай 70 кедергінің 69-ы шешімін тапқан. Сонымен қатар, Қытай, Орталық Азия, Ресей және Еуропа арасындағы қиылыста орналасқан Қазақстан үшін бұл одақ транзиттік және өнеркәсіптік әлеуетті күшейту мүмкіндігі. Бұл ретте елге тасымал көлемін ұлғайтып қана қоймай, одақ ішіндегі бизнес пен кооперацияға неғұрлым қолайлы жағдай жасау маңызды. Мәжіліс депутаты Нұрсұлтан Байтілесов осылай дейді.


Нұрсұлтан Байтілесов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

− Ай сайын түрлі мәселе біздің қарастыруымызды қажет етіп, күн тәртібімізде түрлі салаларды қолдау тетіктері бойынша, өнеркәсіптік жағынан да, өндірістен де, қайта өңдеуден де өзге де көптеген экономикалық бағыттардан әралуан ұсыныстар мен шағымдар келіп түсіп жатады. Шын мәнінде, қазіргі жаһандық геосаяси жағдайда, кез келген одақ, көрші елдермен де, алыс елдермен де жақсы қарым-қатынас құра білу қабілеті өте маңызды. Өйткені геосаяси жағдай күн сайын құбылып тұр, өзге елдермен жақсы қарым-қатынас ұстану Қазақстан үшін стратегиялық тұрғыдан аса маңызды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?