Қытайдың Сиань қаласынан шыққан алғашқы туристік пойыз Алматыға жетті. Достық теміржол бағытымен аспан асты елінің туризм, ғылым, медицина, спорт және мәдениет салаларының 250-ден астам өкілі келді.
Цзинь Чу Бо, турист:
- Бұл менің Алматыға алғашқы сапарым. Қала да, тұрғындары да маған ерекше ұнайды. Алматының табиғаты мен қонақжайлығы көңілімнен шығып жатыр. Алдымызда мазмұнды бағдарлама күтіп тұр деп сенемін. Бұл - болашақтағы табысты ынтымақтастықтың бастамасы деп білемін.
Ұлы Жібек жолының бастауы болған көне Сиань бүгінде тарихи бағытты заманауи форматта қайта жандандырып отыр. Бұл сапар - елдер арасындағы мәдени байланыстарды дамытуға бағытталған.
Нұртас Кәріпбаев, ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы:
- Бізде қазіргі кезде ҚХР визасыз режим жұмыс жасап тұр. 2024-ші жылдың қортындысы бойынша елімізге 700 мыңға жуық қытайлық турист келген. Олардың экономикаға маңыздылығын білеміз. Себебі әрбір келген қытайлық азамат 1500 доллардан артық ақша жұмсайды. Ол дегеніміз ел экономикасына көмек.
Алматы-Сиань бағыты бойынша пойыздар келер жылдан бастап ай сайын жүреді. Айта
кетейік, «Достық» теміржол құрамы Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы аясында
құрылды.

