Астанада Ислам қаржысы мен бизнесінің бірінші форумы өтті

Астанада Ислам қаржысы мен бизнесінің бірінші форумы өтті

Қазақстанда комплаенс-мәдениетті дамытудан бастап халал-стандарттарды енгізуге дейін кооперация мен бірлескен жобаларды іске қосу. Астанада өткен ислам бизнесінің бірінші форумында елімізде исламдық қаржыландыруды дамытуға бағытталған бірнеше меморандумға қол қойылды. Оның арасында осы бағытта жұмыс істейтін нигериялық компанияларды еліміздің нарығына тарту туралы келісім бар. Сондай-ақ, Ислам қаржы және бизнес қауымдастықтары мен ислам құрылысшылары арасындағы жаңа ынтымақтастық құжатына қол қойылды. Ал Астана халықаралық қаржы орталығының бірқатар қатысушысы өзара әріптестік құру жөнінде уағдаластыққа келді. Форум барысында жиналғандар осы саланың әлеуетін арттыру үшін тәжірибелерімен бөлісіп, халықаралық ынтымақтастық мәселелерін қозғады.

Мәдина Тукулова, Ислам қаржысы және бизнесі қауымдастығының төрағасы:

- Қазақстанда исламдық қаржыландыруды дамыту өте жоғары деңгейде жүргізілуде. Мәселен, бізде бірнеше исламдық қаржы институты ұсынылған. Арнайы заңнамалық база құрылды. Сонымен қатар, қазір жаңа исламдық қаржы құралдарын дамыту ісі қарқын алғанын көріп отырмыз. Өткен жылы Қазақстанда сукук-корпоратив қатысушысы бар алғашқы исламдық бағалы қағаздар шығарылды. Қазақстанда жалпы Астана халықаралық орталығының алаңында бірнеше жаңа исламдық инвестициялық қор құрылды.

Форум аясында ислам экономикасындағы әйелдердің рөліне ерекше назар аударылды. Орталық Азия мен ТМД елдерінің сарапшылары бұл бағыттағы өздерінің табысты тәжірибелерімен бөлісті.

Humayon Dar, PHD, Director General Cambridge Institute of Islamic Finance:

- Біздің тізімде Қазақстаннан, сондай-ақ, Орталық Азия өңірінен қатысатын әйелдер қатары артып келеді. 2018 жылы WOMANI жобасын бастағанда негізінен Малайзиялық іскер нәзік жандылар саны басым еді. Алайда, соңғы жылдары әлемнің басқа аймақтарынан, оның ішінде Қазақстан, Тәжікстан және өзге де көрші елдерден келген әйелдердің үлесі өскені байқалады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?