Қазақстан мен Қытай арасындағы тасымал рекордтық көрсеткішке жетті

Қазақстан мен Қытай арасындағы тасымал рекордтық көрсеткішке жетті

Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемі өткен жылдың қорытындысы бойынша рекордтық көрсеткішке жетті. Былтыр оның мөлшері 32 млн тоннаны құрады. Бұл ретте біздің республикадан Аспан асты еліне экспорт көлемі 14 млн тонна болды. Еліміздің Көлік министрлігінің мәліметінше, отандық жеткізілімдер бір жылда бірден 1 млн тоннаға ұлғайды. Негізінен көрші мемлекеттің алып нарығына қазақстандық темір, түсті және қара металдар сынды түрлі кендер, сондай-ақ астық тасымалданады. Импортқа келер болсақ, өсім 5% шамасында тіркелді. Сонымен қатар, Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдар 19%  ұлғайып, 15 млн тоннадан асып жығылды.

Ләззат Стамғазиева, ҚР Көлік министрлігінің ресми өкілі:

- Осы орайда Транскаспий халықаралық көлік бағытын ерекше атап өту керек. Оның әлеуеті айтарлықтай өскені байқалады. Көбі осы дәлізді таңдайды. Аталмыш бағыт арқылы бізден Еуропаға бағытталған контейнерлерді тасымалдау көлемі 43% артты. Бұл да өз кезегінде рекордтық көрсеткіш. Бұған өткен жылы Сиянь халықаралық құрғақ портында қазақстандық терминалдың ашылуы өзінің септігін тигізгені анық. Осылайша былтыр аталған терминал арқылы Ақтау портынан 300-ге тарта жүк поезі өтті. Нәтижесінде осы көрсеткіш шамамен 30 есеге ұлғайды.  

2024 жылы Қазақстанның жүк айналымы артты

Сонымен қатар, ел ішінде де жүк тасымалы артып келеді. Бейінді ведомствоның мәліметінше, өңірлік деңгейде көрсеткіштер бойынша Шымкент, Астана және Алматыда өсім байқалады. Жалпы 2024 жылы республика бойынша барлық көлік түрлерімен тасымалданған жүк көлемі 514,5 миллиард тонна-км-ді құрады, бір жыл ішінде өсім 2,6% құрады.Мәселен, теңіз көлігімен тасымалданған жүк көлемі 3 миллион тоннаға жуықтады – мұнда өсу көрсеткіші екі есеге артты. Тасымалдаудың басқа да түрлері оң динамика көрсетіп отыр.

Ләззат Стамғазиева, ҚР Көлік министрлігінің ресми өкілі:

- Әр жыл сайын авиация бізге 5-10% өсу береді. Теміржол және автомобиль көліктерімен тасымалданатын жүктерде өсім шамамен 40-50% құрайды, бұл біздің еліміздің мультимодальды мемлекет болуымен байланысты. Автомобиль көлігі арқылы тасымалдау да айтарлықтар өсім көрсеткішін көрсетіп отыр. Бұдан бөлек шетелдік рұқсат бланкілері электрондық форматқа көшірілді, бұл тасымалдауды одан әрі жылдамдатып, жолда жүру мерзімін қысқартты.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?