Астанада IFLA 2025 дүниежүзілік кітапхана және
ақпарат конгресіне қатысушылар кітапханаларды цифрлық трансформациялау мен
жасанды интеллект саласына енгізуді талқылауда. Іс-шараға әлемнің 114 елінен
1700 делегат қатысып жатыр. Жиында ұлттық кітапханалар, ғылыми мекемелер мен
халықаралық ұйымдардың өкілдері бас қосты. Конгресс аясында цифрлық
кітапханаларды дамытуға, саладағы «үлкен деректерді» пайдалануға және кітапхана
ісінің қазіргі заманғы стандарттарына арналған 86 секция мен 15-ке жуық
сайд-ивент жоспарланған. Айта кетейік, Қазақстан форумды өткізу құқығын Kazakh
Tourism және еліміздің жоғары оқу орындары кітапханалары қауымдастығы бірлесіп
дайындаған өтінімнің қорытындысы бойынша алды. Іс-шара Қазақстанның іскерлік
туризм орталығы ретіндегі ұстанымын нығайтудағы маңызды қадам болады және
қосымша кіріс тартады деп күтілуде.
Даниел Сержанұлы, «KAZAKH
TOURISM» ҰК төрағасының м.а:
- Америка Құрама Штаттарынан келген 100 адам немесе Кореядан ұшып келген 60 адам - олар осы жерде 5 күн өткізу үшін, сондай-ақ елмен танысу үшін ұзақ сапарға шықты. Туризмнің және іскерлік оқиғалардың синергиясы - әрбір қатысушының өз есебінен келуі, ол мұнда барлық қызметтерді пайдаланады, сондай-ақ ел бойынша саяхаттайды. Орташа есеппен осы іс-шарадан күтілетін табыс 2 млн АҚШ долларын құрайды.

