Түркістанда Ясауидің мәдени мұрасын зерттеуге арналған симпозиум өтіп жатыр

Түркістанда Ясауидің мәдени мұрасын зерттеуге арналған симпозиум өтіп жатыр

Қазақстанның рухани астанасына әлемнің түкпір-түкпірінен ғалымдар жиналды. Түркістанда Ясауидің мәдени мұрасын зерттеуге және насихаттауға бағытталған халықаралық симпозиум өтіп жатыр. Шараға отандық ғалымдардан бөлек, Әзербайжан, Германия, Италия, Қырғызстан, Ресей, АҚШ, Тәжікстан, Түркия, Жапония және басқа да шетелден келген сарапшылар қатысуда. Ауқымды іс шарада ғалымдар Қожа Ахмет Ясауи ілімдерінің қазіргі қоғамға әсерін, сондай-ақ оның гуманистік қағидаларын және олардың жаһандық мәселелерді шешудегі рөлін талқылады. Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылдайдың үшінші отырысында ұлы ойшылдың еңбектерін терең зерттеп, дәріптеуге айрықша назар аудару қажет екенін айтып, халықаралық форум өткізу идеясын ұсынған болатын. Симпозиумның ашылуына Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин қатысты.

Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:

- Біз Ясауидың гуманистік идеяларына баса мән беруіміз керек. Оның философилық қырларына тереңірек үңілуіміз керек. Ұлы ойшылдың көзқарасы дінмен немесе белгілі аймақпен шектелмейді. Оған жалпы адамзаттық тұрғыда қарау керек. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?