Жасанды интеллект күнделікті өмірдің бір бөлігіне
айналып, болашақ технологиясы қазірдің өзінде жаппай қолданысқа енді. Оның
ақылды қалаларды дамыту, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, өнеркәсіп пен бизнестегі
мүмкіндіктері Astana AI Week-те талқыланып жатыр. Іс-шара 400-ден астам
ғалымды, әзірлеушілер, студенттер мен сарапшыларды біріктірді. Ауқымды
халықаралық ғылыми-инновациялық апталық барысында қатысушылар нақты жүзеге
асқан шешімдерін таныстырып, өзара тәжірибе алмасады және жаңа технологиялық
идеяларды талқылайды. Ұйымдастырушылар форумда ұсынылған үздік жобаларды экономика
мен қоғамдық дамудың нақты құралына айналдырып, қолданысқа енгізуге ниетті.
Бейбіт Әбдікенов, Astana It University АІ ғылыми-инновациялық орталығының директоры:
- Адами әлеуетті, инновацияны дамыту маңызды, болашақта
біз Астананы инновациялар қаласы ретінде танытқымыз келеді. Негізгі екі бағыт -
өнеркәсіп және денсаулық сақтау. Студенттер де, ғалымдар да осында, жас шектеуі
жоқ.

