Nazarbayev University-де оқуға ниеттілердің
құлағына алтын сырға! Енді оқу орынына ақылы негізде - жаңартылған және икемді
талаптар бойынша түсуге болады. Мәселен, мектеп түлегінің
университетке дейінді дайындық бағдарламасына аттестаттың орташа балы 3,5 болса
жеткілікті. Бакалавриат үшін 4 бал қажет. Университет алғаш рет ағылшын тіліндегі
ҰБТ нәтижелерін қабылдайды. Ең төменгі бал бірінші бағдарлама үшін - 75,
екіншісі үшін - 85 болғаны абзал. Ал, IELTS-тың нәтижесі тиісінше 5,5 және 6.
Луис Рохас, NU Дипломнан
кейінгі бағдарламалар жөніндегі қауымдастырылған профессор:
- Оқуға түсушілерге
қойылатын жаңа талаптар халықаралық тәжірибеге негізделген. Біз ең жоғары
стандарттарды ұстанамыз. Біздің жоғары оқу орнына қазақстандық талантты
студенттерді көбірек тартуға қауқарлы екенімізді білеміз. Алдағы уақытта ең
үздік 300 университеттің қатарынан көріну үшін осы бағыттағы дамуымызды қарқынды
түрде жалғастыратын боламыз.
Орталық Азиядағы үздік ЖОО-да білім беру бағдарламалары жетілдірілуде. Олардың
тізімі де кеңейіп келеді. Бизнес, мемлекеттік саясат және медицина
мектептерінде жаңа бағыттар пайда болды. Соңғысы бойынша әдеттегі 8 емес, 6
жылда қос дипломды ала аласыз.
Әсель Уәлиева,
Nazarbayev University Вице-президенті:
- Біздің робототехника,
компьютерлік ғылымдар, IT, Data Science
(сайенс) сынды жаңа білім беру бағдарламалары бүгінгі таңда ең көп
сұранысқа ие. Оған түсетін студенттер қатары қалың. Бұл шын мәнінде жақсы
нәтиже көрсететін сапалы бағдарлама.
Түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі 98% құрайды. Аталған ЖОО бітірген түгестеген
бакалаврлар, магистрлер мен докторлар жетекші халықаралық және отандық
компанияларда сұранысқа ие. Nazarbayev
University Орталық Азия өңірінен студенттер тартуды көздейді. Келесі оқу жылына
қабылдау басталды.
Жеңіс Ермұқанов

