Астанада еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша халықаралық көрме-форум өтіп жатыр

Астанада еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша халықаралық көрме-форум өтіп жатыр

Цифрлық шешімдерді енгізу және жұмыспен қамту нарығының заманауи сын-қатерлері. Елордада осы тақырыптар аясында халықаралық көрме-форум өтіп жатыр. Бұл шара Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аясында ұйымдастырылды. Онда сарапшылар еңбек қауіпсіздігі мәселелерін талқылауда. Жиында  мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, кәсіподақтар, сарапшылар қауымдастығы мен бизнес өкілдері бас қосты. Сондай-ақ, форум барысында өнеркәсіп, металлургия, мұнай-газ саласы, құрылыс, тау-кен өндіру және көлік салаларындағы 400-ден астам отандық компания өз өнімдерін ұысынды. Барлық қатысушыларды бір алаңға біріктірген шараның басты тақырыбы - жергілікті өндіріс ошақтарында қауіпсіз жұмыс ортасын қалыптастыру. Бұл ретте озық технологиялар мен жаңа диджитал өнімдерді жаппай ендірудің маңызы зор. Көрмеде дәл осы бағытта жұмыс жасайтын 15-ке тарта компанияның төл қызметтерімен танысу мүмкіндігі туды. Олардың бірі мына әмбебап мобильді қосымша. Оның көмегімен қауіпті өндіріс қызметкерлері қашықтан өрт және энергия қауіпсіздігі бойынша оқыту және тәжірибелік семинарлардан өтеді. Сонымен қатар, оқыс жағдай кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын меңгереді. Заңнамалық тұрғыда да өз білімдерін шыңдай алады.


Елена Долгалёва, Қауіпсіздік техникасы саласында білім беру ұйымының бас директоры:


- Бұл қосымшаны біздің команда әзірледі. Біз алдағы уақытта барлық қауіпсіздік техникасы бойынша инженерлерге онлайн форматта оқуға мүмкіндік беретін өз бірелстігімізді құрдық. Қазір цифрландыру ғасыры. Менің ойымша, бұл - өзекті. Республиканың барлық аймағында осы мобильді қосымшаны белсенді қолданатын 200-ден астам компания - біздің серіктестеріміз. Бұлар өндірістік және өндірістік емес кәсіпорындар.


Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?